Фильм Шиза – онлайн көру
Сипаттамасы
Мұстафа есімді 15 жасар бозбаланы оғаш мінезі үшін бәрі Шиза деп атап кеткен. Ол жұпыны кедей ауылда анасымен және оның көңілдесі Сакурамен бірге тұрады. Сакура қатыгез әрі зұлым адам. Ол заңсыз жекпе-жектерден ақша табады. Шизаны да қылмыс әлеміне тартқан. Ол баланы өзіне жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Шиза жекпе-жекке шығатын адамдарды іздеп, әкелуі тиіс. Бір күні төбелес кезінде бір адам қаза табады. Бұл оқиға Шизаға қатты әсер етіп, алғаш рет істеген әрекетінің дұрыстығына күмән келтіреді. Марқұмның әйеліне ақшасын апарып берген кезде бозбала келіншекке ғашық болып қалады. Осы сәттен бастап Шиза өмірі туралы ойлана бастайды. Ол зұлымдық пен қылмыстың ортасында қалғысы келмейді. Шиза ішімдікке салынып, металл сатумен күн кешетін Жәкен есімді нағашысына келеді. Ер адам бұрын карате шебері болған. Шиза оған жекпе-жектерге қатысып, ақша табуды ұсынады. Жәкен келіседі. Көп ұзамай жеңіске жеңіп, көлік ұтып алады. Бірақ осы оқиғадан кейін бозбаланың отбасын қылмыскерлер қысымға ала бастайды. Енді Шизаның алдында екі таңдау бар: қауіпті қараңғы әлемде қалу немесе өз жолын тауып, жарқын болашаққа қадам басу. «Шиза» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.