Сюжет
Қазақ даласын аштық жайлаған кезең. Ауыл адамдары нәубетке шыдамай, ел асып кетуге бел буады. Олардың ішінде кішкентай ұлы бар жас отбасы да бар. Бар мүлкін арбаға тиеп, жолға аттанады. Арбада немересі мен әжесі, арбаны сүйрейтін әкесі, ал итеретін атасы мен келіні. Жол бойы олар аштан өлген адамдардың мәйітін, қаңырап бос қалған ауылдар мен дала кезіп жүрген руластарын кездестіреді. Әбден ашыққан отбасының бар тамағы — құрт. Балақай құртты қаптан байқатпай алып, жол бойы жеп отырады. Әкесі демалуға тоқтаған кезде құрттың жоғалғанын біліп, қатты ашуланып, баласын жазаламақшы. Ұжымдастыру кезеңінде қазақ даласын жайлаған зұлмат жайлы режиссер Ардақ Жылысбаеваның дебют туындысы «Шырғалаң» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер...