Хикая Сториз – онлайн көру
Сипаттамасы
Кейіпкерлер түрлі оқыс оқиғаларға түсіп, одан сытылып кету амалын іздей бастайды. Мәселен, әлеуметтік желіде өз арнасы мен парақшасы бар қарт әйел көшеге шығып, лайк жинауға мәжбүр. Осылайша күлкілі әрі түсініксіз жағдайға тап болады. Одан құтылу жолын өзі іздеп табуы тиіс. Ал жас қыз тазалық жаршысы атанамын деп қызықты оқиғаларға тап болады. Судья мен дәрігерден бастап ішімдікке салынған ер адамға дейін түрлі мамандық иелері күлкілі жағдайларға кезігіп, әуре-сарсаңға салынады. «Сториз» әзіл шоуын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.