Фильм Талан – онлайн көру
Сипаттамасы
1930-шы жылдары қазақ даласында орын алған ашаршылық пен қуғын-сүргінде ауыл тұрғындары туған жерін тастап, аман қалу үшін жаңа қоныс іздеуге мәжбүр болады. Сондай көштің бірінде Шорман Жұмабайдың отбасына оқ атып, денелерін өзенге ағызып жібереді. Бұл қырғыннан Жұмабайдың баласы Керім мен оның досы Тағай аман қалады. Бірақ екеуін тағдыр екі жаққа айдап жібереді. 13 жыл өткен соң Екінші дүниежүзілік соғыс басталады. Шорман қазақ жігіттерін соғысқа жібереді. Ал Тағай мен Керімнің бар арманы әкелерінің кегін қайтару. Фильм Жүсіпбек Қорғасбековтың «Қасқыр-адам» повесіне негізделген. «Талан» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.