Фильм Талақ – онлайн көру
Сипаттамасы
Оқиға 1920-жылдары қазақ ауылында өрбиді. Осы тұста алғаш рет әйел теңдігі ұранға айналады. Кеңес Одағы үстемдігін орнатып, жаппай ұжымдастыру белең алған кезең суреттеледі. Осындай аласапыран уақытта бүтіндей бір отбасының шаңырағы шайқалып, қоғам жарасы ашылады. Сарымсақ есімді ер адам ашу үстінде әйеліне «талақ» деп айтып, некесін бұзады. Осы сәттен бастап әйелі сынға ұшырап, жалғыздың күйін кешеді. Көп ұзамай отбасы ауыр күндерді өткеріп, Сарымсақ жасаған қателігінің салдарын ұға бастайды. «Талақ» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер