Фильм Тамыз – онлайн көру
Сипаттамасы
17 жастағы Айдос ауылда науқас анасымен бірге тұрады. Бекбота мен Ләйлә үшеуі биыл мектеп бітіреді. Үшеуі кассетадан Ван Даммның фильмдерін көреді, өзенге шомылады, әр күнін бірге өткізеді. Жаздың соңғы айында ауылға сұлу да сымбатты Әлия деген бойжеткен көшіп келеді. Айдос Әлияны бір көргеннен ұнатып қалады. Сол күннен бастап Әлияға үй шаруасына көмектесе бастайды. Үш достың арасы суып, бірге уақыт өткізуді қояды. Айдостың анасы қалаға емделуге кетеді, артынша көп ұзамай қайтыс болады. Жетім қалған бала алғашқы махаббаты мен достарын тастап, қалаға көшуге мәжбүр. «Тамыз» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.