2017
1 сағ 38 мин
18+
Төреші әйел ауыр дертке шалдыққан жасөспірім жігітті құтқару үшін қиындықтармен бетпе бет кезігеді. Бестселлерге айналған оқиғаның фильмдегі...
Фильм Таңғажайып Мэй ханым – онлайн көру
Сипаттамасы
Фиона Мэй — лондондық төреші, балалар құқығымен айналысатын маман. Алайда өз ісін жетік меңгерген маманның отбасылық өмірі мәз емес әрі некеде бақытсыз. Бір күні ол жұмысында қиын жағдайға тап болады. Ауыр дертке шалдыққан 17 жасар Адам Генри есімді жасөспірім жігіттің ісімен айналысуына тура келеді. Дәрігерлер жігітке қан құймаса өліп кету қаупі барын жеткізеді. Бірақ жігіттің дінге берілген ата-анасы бұған қарсы. Ал Адам олардың сөзіне қарсы шыға алмайды. Оның үстіне кәмелеттік жасқа толмаған жігіт өз бетінше әзірге шешім қабылдай алмайды. Төреші әйелге күрделі шешімді өз бетінше қабылдауына тура келеді. Алайда бұл шешім тек жігіттің ғана емес, төреші ханымның да тағдырына әсер етеді. «Таңғажайып Мэй ханым» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жанрлар
Жасыру