1968
1 сағ 29 мин
12+
Тайлақтың анасының бар арманы баласын үйлендіру. Басты рөлді Әмина Өмірзақова сомдаған классикалық комедия
Фильм Тақиялы періште – онлайн көру
Сипаттамасы
Тана кенжесі Тайлақтың әлі күнге дейін үйленбей жүргеніне уайымдап, оған лайықты қалыңдық іздеуге бел байлайды. Тайлақ — география пәнінің мұғалімі. Анасының көз қуанышы, жайдары мінезді, нағыз періште дерсің. Ұлына әйел табу Тананың өмірлік мақсатына айналады. Таныстарынан көмек сұрайды, тіпті көшеде кетіп бара жатқан, автобуста отырған қыздармен таныса бастайды. Ал Тайлақтың жүрегін өзге қыз жаулаған, есімі — Айша. Тананың қуанышы көпке созылмады. Айшаның әкесі Тайыр кезінде Тана апаға сөз салып, уәдесінде тұрмағаны анықталады. Өткеннің ренішін ұмыта алмаған Тана апа ұлының сүйіктісімен қосылуына кедергі келтіріп, қалыңдық іздеуін тоқтатпайды. «Тақиялы періште» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жасыру