Фильм Тәуіп пен Шәріп – онлайн көру
Сипаттамасы
Есқара мен Шәріп есімді екі дос тез баюдың жолын тауып, қарапайым ауыл адамдарын құрықтарына түсіреді. Олар ескі мотоциклдерді сирек кездесетін жәдігер көлік деп алдап, сата бастайды. Бірақ көп ұзамай алаяқтық әрекеттері әшкере болып, ашуға мінген тұрғындардан қашуларына тура келеді. Қашып бара жатқанда Тәуіп аяғын жарақаттап алады. Шәріп досын жергілікті емшіге апарады. Емшінің іс-әрекетіне тәнті болған достар дәл солай табыс табуға болатынын түсініп, дереу әрекетке көшеді. Осылайша өздері де өтірік емшінің кейпіне енеді. Ауыл адамдарының аңғалдығын пайдаланып, ақша жасай бастайды. Тұрғындардың сеніміне әбден кіріп, атақтары басқа да ауыл-аудандарға жайылады. Бір күні әккі алаяқтардың көмегіне Роза есімді бай әйел жүгінеді. Сал болып қалған әкесін емдеу үшін әйел бар ақшасын беруге дайын. Жігіттер қиын таңдауға тап болады. «Тәуіп пен Шәріп» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.