Фильм Тиын – онлайн көру
Сипаттамасы
Кішкентай Қайсар атасымен бірге ауылда тұрады. Оңы мен соңын танып үлгермеген бала жақында әкесінен айырылған. Атасы оған шындықты айтуға бата алмай, әкесі сапарға шығып кетті деп өтірік айтады. Бірақ бала сонда да сұрай береді. Қайсардың сұрағынан мезі болған атасы оны дарияның арғы жағына кетті дейді. Оның артынан іздеп бара алмайды, себебі дариядан қайығымен өткізетін шалға бір қап тиын беру керек. Енді Қайсар бар күшін әкесіне баруға жететіндей бір қап ақша жинауға арнайды. Шыны бөтелке жинап сатып, ауылдастарына азын-аулақ ақыға көмектеседі. Тиын жинаймын деп жүргенде баланы улы жылан шағып алады. «Тиын» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.