2011
1 сағ 29 мин
18+
Тойына достарын шақырған жігіт қандай оқиғаларға ұрынарын әлі білмейді. Күлкіге қарық қылар комедия
Фильм Тойдағы төңкеріс – онлайн көру
Сипаттамасы
Демалысын Австралияда өткізген британдық Дэвид есімді жігіт тағдырдың жазуымен сүйіктісін кездестіреді. Бақыттан басы айналған жігіт үйіне орала салысымен қуанышты хабарды достарына жеткізеді. Той қамымен барлығы жолға жинала бастайды. «Тойдың болғанынан болары қызық» демекші, сапар барысында есірткі тасымалдаушылармен танысып, бастары бәлеге тұтылады. Оған қоса қалыңдықтың әкесіне тиесілі қошқарды абайсызда өлтіріп қойып, әбігерге түседі. Ал анасына есірткі беріп, күлкілі жағдайға ұшырайды. Алайда іс мұнымен бітпейді. «Тойдағы төңкеріс» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жасыру