2014
1 маусым
6+
Кішкентай бала бақашабақпен достасып, екеуі күнде бір жаңа әрі қызықты оқиғаны бастан кешеді. Балаларға арналған танымдық мультсериал
Хикая Тоқаш пен Бақаш – онлайн көру
Сипаттамасы
Бір күні Тоқаш есімді бала су бетінде қалқып жүрген бақашабақты байқайды. Бақашабақ та баланы көріп, аң-таң болады. Осы сәттен бастап екеуі бір-бірін жақын танып, достасады. Бала бақашабақты үйіне әкеліп, асырай бастайды. Үй ішіндегілер оны Бақаш деп атай бастайды. Екеуі күнде бір жаңа ерекше оқиғаларға тап болады. Мәселен, бір күні таңғы ас кезінде Тоқаш досына дән беріп, қорапты үстел үстінде қалдырып кетеді. Тоқаштың бүлдіршін інісі дереу қорапты алып, жан-жаққа шашып тастайды. Ал бірде бала інісмен бірге Бақашабақты ойыншық кемеге салып, ермек етеді. Кенет жаңбыр жауып, балалар үйге кіріп кетеді. Бақашабақ жаңбыр астында қалып қалады. Осы кезде найзағай жарқылдап, Бақаш қатты шошиды. Мұны көрген Бақаш інісі екеуі оны құтқару үшін сыртқа жүгіре жөнеледі. Бір күні таңғажайып оқиға орын алады. Әжесі Тоқашқа тиын береді. Ол досы Бақашқа көрсетпек болып, жүгіріп келе жатқанда банан қабығына сүрініп құлайды. Қолындағы тиынын көлшікке түсіріп алады. Бақашабақ сол сәтте көл ішінен тиынды іздеуге жөнеледі. Бірақ су астында күтпеген оқиғаға тап болады. «Тоқаш пен Бақаш» мультсериалын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жасыру