Фильм Тұзды көл жағасындағы үй – онлайн көру
Сипаттамасы
Ұлы Отан соғысы кезінде мектеп директоры Тұрлыжан Жанақов пен оның отбасы эвакуацияланғандар мен соғыс тұтқындарын өз үйіне қабылдап, оларға пана береді. Тұзды көлдің жағасында орналасқан үй — жақындарынан айырылып, баспанасыз қалған адамдар үшін құтты мекенге айналады. Сұрапыл соғыстың зардабына қарамастан, отбасы мен ауыл халқы бір-біріне көмектесіп, мейірімділік пен адамгершілік танытады. Арада жылдар өтеді. Неміс тілшісі Қазақстанға әкесі туралы ақпарат алу үшін келеді. Келіншектің әкесі соғыс кезінде тұтқынға түскен екен. Кейін ол да мектеп директорының үйінен пана тапқан. Ауыл халқы мен балалардың есінде әкесі мейірімді жан ретінде қалған. Тілші келіншек соғыс белең алған сындарлы жылдары адамдардың жүрегінде мейірімдік оты сөнбегенін байқап, тәнті болады. «Тұзды көл жағасындағы үй» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.