Уақытша ашыналар_bg
badge
logo
Ұшақ апатқа ұшырауы мүмкін. Ал жолаушылардың жасырған құпиялары бар. Антонио Бандерас пен Пенелопа Крус түскен әсерлі комедия
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Уақытша ашыналар – онлайн көру

Сипаттамасы

Мадрид қаласынан Мексика астанасына беттеген ұшақ мұхит асып бара жатқанда кенеттен істен шығып, жолаушылар арасында дүрбелең басталып кетеді. Ұшақ кез келген сәтте апатқа ұшырауы мүмкін. Деседе экипаж мүшесі мен жолаушылар өздерін қолға алып, амалсыз тағдырдың дегеніне көнуге мәжбүр болады. Осы кезде барлығының шынайы бейнесі ашылып, құпиялары сыртқа шыға бастайды. Мәселен, ұшқыш жігітті тек ер адамдар қызықтырады. Қыздарға мүлдем қарамайды. Ал жолаушылар арасында жемқор кәсіпкер, балгер келіншек, ұятсыз киноға түсетін бикеш пен бал айына аттанған жұп бар. Үрейдің алдында олар енді ешкімнен еш қымсынбайды. Шынайы болмыстарын жасыруды жөн санамайды. Өмірлеріне қауіп төнсе де ән айтып, би билей бастайды. Тіпті кейбірінің араларында сезім ұшқыны пайда болады. «Уақытша ашыналар» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 27 мин
Түпнұсқа атауы
Los amantes pasajeros
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады