Үйленгенше біргеміз_bg
badge
logo
Үйлену тойы мен мерекелерді ұйымдастырумен айналысатын, бірақ махаббатқа сенбейтін келіншектің бастан кешкен хикаяларын бейнелейтін комедия
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Үйленгенше біргеміз – онлайн көру

Сипаттамасы

Марина есімді келіншек махаббатқа сенбейді және тұрмыс құрғысы келмейді. Есесіне түрлі жігіттермен сауық құрып, көңіл көтеруді ұнатады. Сондай сауық кештерінің бірінде ол Карлос есімді жігітті кездестіреді. Жігіт сүйіктісі бола тұра келіншектің нөмірі жазылған бір тілім қағазды қалтасына сақтап қояды. Бір күні нөмір жазылған қағазды кездесіп жүрген қызы тауып алады. Не істерін білмей абдырап қалған Карлос оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасау үшін мерекелерді ұйымдастыратын Маринаның нөмірін алғанын айтып өтірік ақталады. Осылайша жағдайды одан бетер шиеленістіріп жібереді. Бір қызығы — Карлостың сүйіктісі Маринаның сыныптас құрбысы болып шығады. Енді ол тойды қалай ұйымдастырмақ? «Үйленгенше біргеміз» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 46 мин
Түпнұсқа атауы
Hasta que la boda nos separe
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады