Фильм Үміт – онлайн көру
Сипаттамасы
Анна және Томас есімді ерлі-зайыптылардың аралары баяғыдан суыған. Оларды тек ортақ балалары ғана байланыстырады. Күнделікті күйбең тіршілік тіпті қажытып жіберген. Бір-бірімен ажырасуға дайын. Осындай сұрықсыз күндердің бірінде Анна ауыр дертке шалдыққанын біледі. Дәрігерлер отадан пайда жоқ екенін айтып, көңілін одан бетер құлазытып жібереді. Бүкіл жұрт мерекеге дайындалып жатқанда ерлі-зайыптылар арадағы түсініспеушілктерді ұмытып, дертке шипа іздеуге мәжбүр. Балалары үшін үміт отын сөндірмей бекем болулары тиіс. Бірақ күш-жігері таусылған жандар бір-біріне медеу бола ала ма әлде ғажайып тылсым күш барлығын бір сәтте өзгерте ме? «Үміт» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.