Фильм Ұзын сөздің қысқасы – онлайн көру
Сипаттамасы
Адам бір күнде не істеп үлгереді? Тедди бір күнде үйленіп, әйелі бала көтеріп, ертесіне босанып, қызы күн сайын бір жасқа есейіп үлгереді. Өмір сүруге асықпайтын Теддидің өмірі бір түнде өзгеріп кетеді. Енді оның әрбір күні бір жылға татиды. Жылына тек бір күн өмір сүріп, қалған 364 күнді өткізіп алады. Уақытты бақылауда ұстай алмайтынын түсінгенде, өміріндегі маңызды сәттер көз алдына өте жылдам өтіп жатады. Оның некесі, достары және отбасында қарым-қатынасы бұзыла бастады. Болмашы нәрселерге мән беріп, шынайы құндылықтарды назардан тыс қалдырғанын түсінеді. Сүйіктісі Леонорды жоғалтпау үшін Тедди уақытты тиімді пайдалануды, махаббатқа, отбасыға және достыққа басымдық беруді үйренуге тырысады. «Ұзын сөздің қысқасы» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.