Фильм Жақсылық – онлайн көру
Сипаттамасы
Фильм Жақсылық Үшкемпіровтің балалық шағынан бастап, спорттағы жетістіктеріне дейінгі өмір жолын қамтиды. Ол қарапайым ауылдан шыққан қазақтың қара баласы. Еңбекқорлығының арқасында Семейге оқуға түсіп, кейіннен күреспен айналыса бастайды. Дегенмен Олимпиадада жеңіске жету жолында түрлі кедергілерге тап болады. Жауырыны жерге тимеген спортшыларды жеңсе де, белгілі себептерге байланысты Спорт комитеті оның Олимпиада ойындарында өнер көрсеткенін қаламайды. Жақсылықтың табандылығы мен жаттықтырушысының сенімінің арқасында 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль алып, Қазақстанның атын әлемге танытады. Фильмде оның жеке өмірі, отбасылық құндылықтары және қоғамға қосқан үлесі де суреттеледі. Грек-рим күресінің палуаны, Әлем чемпионы жайлы «Жақсылық» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.