Хикая Жалғыздың күресі – онлайн көру
Сипаттамасы
Жасыл желекке оранған ауылда туып өскен қарияның өмірі бір сәтте алай-дүлейге айналады. Ауыл енді бұрынғыдай емес. Жан-жағына тұрғын-үй кешені салынған. Бірақ Захар есімді қарттың жұпыны жер үйі кешеннің көркін қашыруда. Көршілері мен үлескерлер үйін жермен-жексен етіп, орнына автотұрақтар мен балалар алаңын салуға ниетті. Алайда қазымыр қария бұған жол бермеу үшін барын салуда. Көршілері де қол құсырып отырған жоқ. Қарттың өмірін одан сайын қиындатуда. Тіпті лас қадамдарға да баруда. Осы шиеленісті жағдайда ғажап әрі күтпеген оқиғалар да өрбиді. Жауласқан отбасылардың балалары бір-біріне ғашық болып қалады. «Жалғыздың күресі» сериалын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.