Фильм Жаужүрек мың бала – онлайн көру
Сипаттамасы
Фильм XVIII ғасырдың бірінші жартысын — қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен кезеңін қамтиды. Сол дәуірде қазақ жасақтары бірігіп, басқыншыларға тойтарыс беріп, майданда шешуші жеңістерге жеткен еді. Кино желісі бойынша, осы соғыста ел үшін күрескен жауынгер ер-азаматтар қатарында жаужүрек Сартай батыр да өзі сияқты өрімдей жас, жеткіншек сарбаздарды жорыққа бастап шығады. Мың бала атанған Сартай жасағы қарасы әлдеқайда көп жауға аз ғана әскермен қарсы шауып, жеңіске жетеді. Бұл шайқас фильмде шешуші факторға айналып, қазақ халқының тарихында «Аңырақай шайқасы» деп танылған. «Жаужүрек мың бала» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.