Фильм Жолы болмағырлар – онлайн көру
Сипаттамасы
Кәсіби киллер Руби бастығы Фогельдің қызына ғашық болып, онымен көңіл жарастырады. Сүйіктісінің көзіне шөп салғанын білген Фогель, қызды өлтіреді. Руби болса бастығына ашуланып, оның ұрлағалы жатқан ақшасын тығып қойып, түрмеге түседі. Түрмеде Руби Фогельді ұстап береді деп ойлайды, бірақ киллер оңайлықпен берілмейді. Рубидің жанына бала сияқты аңғал, епсіз ұры Квентин отырғызылады. Қысқа уақыт ішінде Квентин Рубидің ашуына тиіп, екеуі ауруханадан бір-ақ шығады. Квентин Рубиді өзінің ең жақын досы деп санап, оған қашуға көмектесуге тырысады. Қашу кезінде түрлі күлкілі және қиын жағдайларға тап болады. Руби Квентиннің аңғалдығы мен аузы жабылмай сөйлейтін әдетінен шаршаса да, оның адалдығы мен мейірімін бағалай бастайды. «Жолы болмағырлар» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.