2018
24 мин
12+
Анасынан айырылған қыз әкесінің махаббатына зәру. Ол әр түні аспанға қарап, аққан жұлдызды аңдиды
Фильм Жұлдыздар – онлайн көру
Сипаттамасы
Ақылды әрі зерек Кәусар кішкентай ауылда әкесімен бірге тұрады. Қыздың анасы ертеректе қайтыс болған. Анасын қатты сағынса да, бүлдіршін мойымайды. Ал әкесі Әлихан әйелінің қазасын көтере алмай, ішімдікке салынып, қызына көңіл бөлуді тоқтатты. Анасы аққан жұлдызға қарап, тілек тілесең, міндетті түрде орындалатынын айтқаны Кәусардың есінде. Сондықтан бүлдіршін әр түні аспанға ұзақ қараумен болады. Оның жалғыз тілегі — әкесі оны қайта жақсы көрсе екен. Бір күні Кәусар жұлдыздар анығырақ көріну үшін шатырға шығады. Бұл әрекеті оның өмірін түбегейлі өзгертеді. «Жұлдыздар» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Елдер
Жанрлар
Жасыру