2022
1 сағ 34 мин
18+
Студент жігіт бейтаныс адамның жансыз денесінің жанында оянады. Кореялық комедия аралас триллер
Фильм 404-ші пәтер – онлайн көру
Сипаттамасы
Чхан У есімді студент жігіт полиция академиясына оқуға түсу үшін бар ынтасымен дайындыққа кіріседі. Бірақ 404-ші пәтерде тұратын көршісі жігітке сабағын оқуға кедергі жасап, әбден мезі қылады. Жігіт пәтер иесіне талай рет шағымданғанымен, бұл әрекеті ешқандай нәтижеге әкелмеді. Бір күні жігіттің досы сабақтан бір мезгіл тынығып, сергіп қайтуға ұсыныс жасайды. Алайда көңілді кештің соңы сұмдық оқиғамен аяқталады. Ішімдікті сілтеген жігіт көршісінің үйінде оянады. Бөлмеде бейтаныс адамның жансыз денесін көріп, қатты шошиды. Ең сорақысы – жігіт кештегі оқиғаны есіне түсіре алмайды. Бұл сұмдықтан құтылу үшін бір амал табуы керек. Оның үстіне, армандаған мамандығына қол жеткізе алмауы да мүмкін. «404-ші пәтер» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Елдер
Жасыру