Хикая Адалдықтан ада – онлайн көру
Сипаттамасы
Ольга есімді заңгер әйелдің өмірі ішімдікке әуестенген сәттен бастап құрдымға кете бастайды. Бір күні ішімдікті ұрттап, көлік тізгініне отырған әйел кішкентай ұлымен бірге жол апатына ұшырайды. Мұны білген күйеуі дереу ажырасуға өтінім беріп, келіншектен ұлын тартып алады. Аналық құқығынан айырылған әйел терең күйзеліске түседі. Ақырында ол өзін қолға алуды жөн көріп, сыныптасының компаниясына заңгер болып орналасады. Осылайша бар уақытын жұмысына арнай бастайды. Ол ажырасуға байланысты түйіні шешілмеген қиын істерді жүргізіп, сотта зор жеңістер мен жетістіктерге жете бастайды. Алайда өз өмірін түзеуге қауқарсыз. Келіншек баласын қайтаруды армандайды. Бірақ мұндай жағдайда бұл мүмкін емес екенін түсінеді. «Адалдықтан ада» телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.