Фильм Әділет серілері – онлайн көру
Сипаттамасы
Үйінен жырақта қызметте жүрген Маркус есімді сарбаздың әйелі теміржол бекетінде болған жарылыста қаза тауып, жасөспірім қызы әзер аман қалады. Маркус бұл қаза қолдан жасалғанын ұғады. Бір күні үйіне оғаш мінезді математика саласының әпенде мамандары келеді. Олар бұл қылмыстың артында «Әділет серілері» атты бандалық топтың тұрғанын хабарлайды. Бұл топ бірнеше адамның өліміне себепкер. Қылмыскерлер ұрлап-тонау, бопсалау мен есірткі тасымалдаумен айналысады. Мұны естіген Маркус олардан кек алуды көздей бастайды. Ер адамның көзілдірік таққан ынжық оқымыстылардан басқа сенер адамы жоқ. «Әділет серілері» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.