Фильм Алмаз – онлайн көру
Сипаттамасы
Алмаз есімді жігіт бай әрі ірі беделге ие әкесінің арқасында жоқшылық тауқыметін тартып көрмеген. Деседе өзге байлардың еркетотай ұлдарынан ақылы мен көрегендігі және мейрімділігімен ерекшеленеді. Жігіт Эльвира есімді аруды кездестіріп, шаңырақ көтеруге ұсыныс жасайды. Бірақ дәл той күні оқыс оқиға орын алады. Жақын досы қоңырау соғып, көмектесуін өтінеді. Алмаз дереу көлігіне отырып, досына жол тартады. Жолда оған әкесі мен қалыңдығы қоңырау соғып, дегбірін қашырады. Ол аздай, бизнестегі серіктестері де мазасын алады. Дәл осы сәтте жақындары жайлы ол білмеген көлеңкелі тұстары айқын болады. Түрлі құпиялар да ақтарылады. Көңілі қалған Алмаз енді кері оралғысы келмейді. «Алмаз» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.