2012
1 сағ 21 мин
12+
Баха мен Таха белгісіз орманға тап болып, зұлымдықа қарсы тұруға мәжбүр болады. Батылдыққа үндейтін балаларға арналған шытырман оқиға
Фильм Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман – онлайн көру
Сипаттамасы
Тентек бауырлар Баха мен Таха анасынан айырылған. Қос ұлдың әкесі жұмыстан үнемі босамайды. Балаларға ағылшын тілі мұғалімі мен өгей аналары қарайды. Балалар Амазонка ханшайымы жайлы ертегіні сүйіп оқиды. Ертегі желісі бойынша, ханшайымның ұлы соғыста қатты жараланып, көз жұмады. Енді оны қайта тірілтетін дәрі керек. Дәріні сиқырлы карта арқылы табуға болады. Баха мен Таха сиқырлы қартаны тауып, қайта тірілтетін дәрімен аналарын қайтарғысы келеді. Жұмбақ ормандағы сынақтар арқылы бауырлар бауырмашылық, достық пен батылдықтың маңызын түсінеді. Ақтық шайқаста жеңіске жетіп, балалар нағыз батыр атанады. «Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Елдер
Жанрлар
Жасыру