Чики – 1 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
Марина, Люда және Света есімді үш құрбы жезөкшелікті кәсіп етіп, күнелтуде. Қу тіршіліктің қамымен жүрген құрбыларда басқа амал жоқ. Бұрын олар төртеу болған. Жанна есімді құрбыларының айы оңынан туып, шалғайдағы қаладан шаһарға көшіп, өмірін жақсы жаққа өзгерткен. Бір күні Жанна судай жаңа көлігімен туған мекеніне оралады. Құрбылары қызыға қарап, тамсана түседі. Жанна оларға лас өмірді артқа тастап, жаңадан кәсіп ашуды ұсынады. Құрбылар қуана келісе кетеді. Осылайша төрт келіншек ауылда фитнес клуб ашуды қолға алады. Тіпті іске білек сыбана кірісе кетеді. Алайда жезөкшелік өмірді артқа тастау оңайға соқпайды. Оларға жеңгетайлық етіп, қыздар арқылы арам ақша тауып жүрген қылмыскерлер құрбыларға кедергі келтіріп, аяқтан шала бастайды. Осы сәтте келіншектердің өмірі құрдымға кете жөнеледі. Төрт құрбы тағдырдың ауыр сынақтарына төтеп бере алар ма екен? «Чики» телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.