1 маусым
12+
Жас жігіт тек ай тұтылғанда ғана көрінетін ерекше қонақүйге жұмысқа орналасады. Онда тылсым оқиғалар орын алады
Хикая «Дель Луна» мейманханасы – онлайн көру
Сипаттамасы
Ку Чхан Сон есімді жігіт шет елде білім алған, болашағынан зор үміт күттіретін жастардың бірі. Оқуын аяқтап, туған еліне қайтатын күн туады. Әкесінің қазасы елге қайтуға мәжбүр етеді. Оралған сәтте Ман Воль есімді ерекше әйелмен танысады. Әйел сиқыр күшке ие. Осы тылсым күштің әсерінен жігіт марқұмдардың елесін көре бастайды. Әйел оған 20 жыл бұрын әкесімен келісімге келгенін айтады. Келісім бойынша, жігіт әйелге тиесілі қонақүйде қызмет етуі шарт. Бұл қонақүй жай адамдардың көзіне көрінбейді. Мұнда тек қайтыс болған жандардың елестері ғана кезіп жүреді. Ал қонақүйді тек ай тұтылғанда ғана көруге болады. Алғашында бұл жайтқа шошыған жігіт қызметіне ақырындап үйренісе бастайды. Осылайша сиқырға толы құпиялар ашыла бастайды. «Дель Луна мейманханасы» дорамасын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Елдер
Маусымдар
1 маусым
Ұзақтығы
1 сағ 13 мин
Түпнұсқа атауы
Hotel Delluna
Жасыру