2013-2021
3 маусым
0+
Дуда есімді көртышқан мен Дада есімді кішкентай қыздың қызыққа толы оқиғалары аққан жұлдыздың соңынан ерген сәттен басталады
Дуда мен Дада – 2 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
Дуда мен Даданы тағы да күтпеген оқиғалар тосып тұр. Бұл жолы көңілді достар мінген шағын автобус саяхатқа шығатын кезде кенеттен бұзылып қалады. Достар ойлана келе тығырықтан шығар жолды тапқандай болады. Олар ойлана келе мистер Буба есімді пілге баруды жөн көреді. Бірақ Буба өз дегенін жасататын, өз қалағанын алмайынша тынышталмайтын қазымыр. Оның көзі Дуданың затына бірден түседі. Оқиға мұнымен аяқталмайды. Алда Дуданы тағы бір тосын жағдай күтіп тұр. Ол аяғын жарақаттап, ормандағы үңгірде мекендейтін Вебер есімді аңмен танысады. Вебер жарақатын танып беріп, дәмді аспен тамақтандырады. Алайда Вебердің ешкімге тіс жармаған құпиясы бар. Ал күндердің бір күні достар мұхиттың түбіндегі қазынаны іздеуге шығады. Бірақ алда зор қауіп күтіп тұрғанын сезбеген еді. Олар тіпті алып киттің жемтігіне айнала жаздайды. «Дуда мен Дада» мультсериалынының 2 маусымын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Елдер
Жанрлар
Жасыру