2017
1 сағ 34 мин
18+
Ештеңеден қорықпайтын жас қыз мектепте жұмыс істейтін педофил-ұстазды әшкерелеуге кіріседі. Зои Дойч ойнайтын батыл комедия.
Фильм Ересек ойындар – онлайн көру
Сипаттамасы
Фильмнің бас кейіпкері Эрика Вандросс — өзіне сенімді, еркін мінезді 17 жасар мектеп оқушысы. Ол достарымен бірге кішкентай қылмыстар жасап, ақша табады. Ересек еркектердің басын айналдырып, кейіннен кәмелетке толмаған баламен қарым-қатынасын әшкерелеймін деп қорқытып, ақша бопсалайды. Алғашында бойжеткеннің ісі дұрыс емес болып көрінуі мүмкін, алайда Эрикаға ақша өзіне емес, түрмеде отырған әкесіне кепілдік төлеуге қажет. Күндердің күнінде Эриканың үйіне анасының жаңа жігітінің баласы Люк көшіп келеді. Люкке мектепте мұғалім харассмент жасаған екен. Әділет сүйгіш Эрика Люктің кегін қайтарып, мұғалімді әшкерелемекші. «Ересек ойындар» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жасыру