Хикая Контейнер – онлайн көру
Сипаттамасы
Бала сүйгісі келетін бай отбасы Саша есімді 27 жасар келіншекпен келісімге келіп, оны суррогат ана ретінде жалдайды. Келіншектің көмегіне жүгінген адамдардың оған қояр бір шарты бар. Саша баланы дүниеге әкелгенше беделді отбасымен бірге бір шаңырақтың астында тұрып, олардың айтқандарын бұлжытпай орындауы тиіс. Алғашында қарсы болған келіншек кейіннен келісуге мәжбүр болады. Себебі қыр-соңынан қалмай жүрген белгісіз адам мазасын қашыра бастайды. Сашаның ешкімге тіс жармаған құпиясы бар. Бірақ беделді шенеуніктің зәулім үйіне көшкен сәттен бастап барлығының өмірі күрт өзгеретін болады. Саша қамқор болып көрінген ерлі-зайыптылар шын мәнінде оған ақшаға сатып алған ойыншық ретінде қарайтындарын байқап, қамығады. Келіншек ережеге бағынғысы келмейді. Ақырында үйдегі жағдай шиеленісе түседі. «Контейнер» сериалын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.