2016
1 маусым
18+
Әскери бітімгер мен жас дәрігердің арасында сезім оты қайнаған қақтығыс майданында тұтанады
Күн ұрпақтары – 1 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
Корея елінің әскери жасағының капитаны Ю Си Джин бітімгерлік міндетпен Урук атты қақтығыс аймағына арнайы тапсырмамен жіберіледі. Дәл сол мезетте бір топ дәрігерлер де аталмыш аймаққа аттанады. Еріктілердің қатарында Ка Мо Ен есімді дәрігер бар. Кездейсоқ кездесу сезім ұшқынын тұтандырады. Бірақ арадағы кереғар көзқарас пен жүктелген міндеттер кедергі тудырады. Сарбаз бейкүнә адамдардың өмірін сақтап, қорғау үшін өзгенің жанын алуға мәжбүр. Ал дәрігер ханымның ойынша, әрбір адам, тіпті жау болса да, дәрігерлік көмекке толық құқылы. Қос ғашықты алда талай сынақтар күтіп тұр. «Күн ұрпақтары» дорамасын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Елдер
Жанрлар
Жасыру