2022
1 маусым
18+
Қарапайым үй шаруасындағы әйел бір сәтте құпия тыңшыға айналып шыға келеді. Оған қоса әйелге тән емес қасиеттері де ашыла бастайды
Менің анам — тыңшы – 1 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
Даша есімді әйел қарапайым үй шаруасындағы келіншек. Тіс дәрігері болып жұмыс істейтін күйеуі және екі баласымен бірге күйбең тіршілігін жасауда. Сырт көзге көнбіс әйел болып көрінгенімен, шын мәнінде ерлерше жекпе-жекті меңгерген адуынды тыңшы екенін ешкім білмейді. Тіпті Дашаның өзі де. 20 жыл бұрын келіншек Соболев басқарған арнайы барлау агенттігінде тыңшы болған екен. Бірақ басшысы оның жадындағы естеліктерді өшіріп тастаған, сондықтан әйелдің бұрынғы өмірі есінде қалмаған. Енді Соболев оның естеліктерін қайта жандандырып, қызметке оралғанын қалайды. Осылайша Даша бұрынғы тыңшылық өміріне біртіндеп орала бастайды. Байсалды келіншек лезде өзгеріп, күйеуі, енесі мен балаларын аң-таң етеді. Енді оған түрлі тыңшылық тапсырмалар беріліп, бұрынғы ғашығымен жолдары түйісетін болады. Екеуі сатқынды анықтап, тапсырманы орындауы керек. Осы тұста келіншектің алдына тағдыр екі таңдау қояды: бұрынғы тыңшылық жарқын өміріне оралу әлде үй шаруасындағы әйел ретінде күйбең өмірін жалғастыру. «Менің анам — тыңшы» комедиялық телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Елдер
Жанрлар
Жасыру