2020
1 маусым
18+
Үлгілі ана, керемет жар болып көрінетін келіншек шын мәнінде жан алғыш болып шығады. Қиын тағдыр мен өмірдің қараңғы тұстары туралы драма
Жан алғыш бикеш – 1 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
90-жылдары Надя есімді келіншектің тағдырына балта шабылады. Қылмыс жайлаған қиын тұста өмірінің тас талқаны шығады. Қарақшылар қыздың отбасына шабуыл жасап, ата-анасының өмірін қияды. Кеудесін кек тұтқан бойжеткен көп ұзамай қарақшылардың ізіне түсіп, оларды атып тастайды. Бұл қылмысы үшін Надя түрмеге ұзақ мерзімге тоғытылады. Алайда қылмыстық топ олардың шартын орындаса, бостандыққа шығарып алатынын айтып, ұсыныс жасайды. Осы сәттен бастап Надя қылмыскерлерге қызмет етіп, жан алғыш атанады. Уақыт өте келе келіншек өмірлік серігін кездестіріп, отбасылы болады. Енді ол өмірінің қараңғы тұстарын жасыра алмайтынын түсінеді. «Жан алғыш бикеш» сериалын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Елдер
Жанрлар
Жасыру