Фильм Өкіл ана – онлайн көру
Сипаттамасы
Патриция Форестье — полиция бөлімінде аудармашы болып жұмыс істейтін қарапайым әйел. Араб тілін жетік меңгергендіктен, есірткі тасымалына қатысты қылмыстық істерді ашуға көмектеседі. Ол жұмысын жақсы көреді, дегенмен қаржылық қиындықта және қарт анасын бағу қажытып жіберген. Күтпеген жерден қылмыскерлер бір көлік есірткіні жоғалтып алады. Оны естіген Патриция, көлікті тауып, есірткі саудасына араласа бастайды. Наркоәлемде «Мама Уид», яғни өкіл ана лақап атымен танылып, қылмыстық әлемнің беделді тұлғасына айналады. Патрицияның араб тілін және қылмыстық әлемді білуі оған ерекше артықшылық береді. Көп ұзамай наркоәлем мен заң әлемінің арасында таңдау жасауға мәжбүр болады. «Өкіл ана» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.