Хикая Олигархтың әйелі – онлайн көру
Сипаттамасы
Альбина есімді келіншекті олигарх күйеуі бар ақшасы мен мүлкін алып, екі баласымен тастап кетеді. Әйел Лондондағы кең сарайдай үйін тастап, туған өлкесіндегі жапандағы ауылға көшуге мәжбүр болады. Ауылда құлдыраған зауыттан басқа дәнеңе жоқ. Шалқыған өмірге үйренген әйелге ауылдағы жұпыны тұрмысқа дағдылануына тура келеді. Ол аздай, әйелді жергілікті тұрғындар жақтырмай, аяқтан шала бастайды. Ал келіншек қалайда тоқырау мен шығынға ұшыраған кәсіпті қолға алып, табыс көзін табуы керек. Бірақ ол мүмкін бе? «Олигархтың әйелі» комедиялық телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.