Өрмекші адам: Ғаламдар арасында_bg
logo
Алғаш рет қазақша
Қарапайым оқушы баланың өмірі оны өрмекші шағып алғаннан кейін күрт өзгереді. «Оскар» жүлдесіне ие болған мультфильм алғаш рет қазақ тілінде
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Өрмекші адам: Ғаламдар арасында – онлайн көру

Сипаттамасы

Майлз есімді оқушы бала күтпеген жерден орасан зор тылсым күшке ие болады. Метро бекетінде оны өрмекші шағып алып, баланың бойында ерекше қасиет пайда болады. Бірақ ол Питер Паркер есімді өрмекші адам сияқты өз күшін басқара алмайды. Бір күні ол Уилсон Фиск есімді зұлым адамның құпия зертханасына тап болады. Уилсонның мақсаты — ерекше құрылғы жасап, сол арқылы өзге әлеммен байланысқа шығу. Ол осылайша қайтыс болған әйелі және ұлымен қауышқысы келеді. Бірақ бұл құрылғы Жер шарын түгел жойып жіберу мүмкін. Сондықтан Питер есімді аңызға айналған өрмекші адам зұлым адамды тоқтатуға тырысады. Алайда дегеніне жете алмай, оның қолынан қаза табады. Өлер алдында ол балаға ерекше флешканы береді. Бұл флешканың көмегімен құрылғыну тоқтатуға болады. Енді Майлз есімді жаңа өрмекші адамның алдында әлемді құтқару тұр. Шайқас барысында ол өзге әлемдерден келген барлық өрмекші адамдармен бірігіп, жауға қарсы шығатын болады. «Өрмекші адам: Ғаламдар арасында» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 53 мин
Түпнұсқа атауы
Spider-Man: Into the Spider-Verse
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады