Фильм Белград қонақ үйі – онлайн көру
Сипаттамасы
Белград қаласындағы көздің жауын алар қонақ үйдің Павел есімді иесінің өмірі бір күннің ішінде өзгеріп шыға келеді. Күндері мен түндерін түрлі сұлу қыздармен өткізіп, шалқып өмір сүруге үйренген жігіттің басы дауға қалады. Көлігімен кетіп бара жатқанда өзгенің көлігімен соқтығысып, сәтсіздікке ұшырайды. Соққан көліктің иесі мафия бастығы болып шығады. Ол аздай мафияға тиесілі құнды затты сындырып, үш миллион евро қарыз болады. Ашуға мінген қарақшы жігіттің өмірін талқандамақ ниетте. Алайда ортаға қызы түсіп, жағдай басқаша өрби бастайды. Ақыр соңында жігіт мафия бастығының қызына үйленуге мәжбүр болады. Осы сәтте тағдыр оның жолын бұрынғы сүйіктісімен тоғыстырады. Әбігерге түскен жігіт бұл шытырман оқиғадан қалай құтылып шықпақ? «Белград қонақ үйі» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.