Өзгенің бақыты – 1 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
Елена есімді келіншек әрбір әйелдің арманындағы өмірін сүруде. Келіншектің күйеуі табысты кәсіпкер әрі оның бар қалауын орындайды. Елена отбасымен шалқып өмір сүруде. Күйеуі оған инсульттан кейін науқастарға көмек қолын созатын қайырымдылық қорын ашып берген. Бірақ бір күні Еленаның тамылжыған өмірінің күл-талқаны шығады. Ол күйеуі көзіне шөп салып, көңілдесі одан аяғы ауыр екенін біліп қояды. Елена күйеуімен ажырасып, барынан айырылады. Ол аздай, күйеуі қызын тартып алады. Сот қызға қамқорлықты әкесіне беруі мүмкін. Қиын сәтте келіншекке көмек қолын тек Максим есімді заңгер созады. Еленаның ендігі үміті қызын қайтарып, қалыпты өміріне оралу. Бірақ бұл қолынан келер ме екен?