2020-2022
2 маусым
18+
Жай адамдарды емес, марқұм болып кеткен жандардың елесін діттеген жеріне жеткізіп салушы ерекше таксист туралы драмаға толы сериал
Хикая Жолаушылар – онлайн көру
Сипаттамасы
Адам жаны түсініп болмайтын тұңғиық сырға толы болып келеді. Тіпті өмірімен қош айтысса да, кей адамдар сырын бүгіп қалады. Десе де арғы дүние мен бұл дүниенің арасына кептеліп қалған марқұм жандардың тығырықтан шығар жолы бар. Бұған себепкер ерекше адам. Ол Андрей есімді такси жүргізушісі. Бір қарағанда қарапайым шопыр болып көрінгенімен, шын мәнінде ол о дүниелік болған адамдардың жанын түсінетін әрі көмекшісі болатын бірден бір бірегей жан. Оның көлігіне мінген әрбір марқұм құпиясын айтуы шарт. Сонда ғана жаны тыныш таба алады. «Жолаушылар» мистикалық сериалын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.