Сенен қорықпаймын – 1 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
Даша есімді келіншектің өмірі қорқыныш пен үрейге толы. Болмашы нәрсеге күйеуі соққыға жығып, қорлық көрсетуде. Төзімнің шегі бір күні таусылып, келіншек балаларының болашағы үшін бәрін тәрк етіп, басқа қалаға кетіп қалады. Басқа қалаға көшіп келген сәтте өмірі өзгеріске ұшырай бастайды. Ол мұнда жаңа жұмыс тауып, тіпті баспаналы болады. Көп ұзамай жүрегіндегі жара жазылып, махаббатын кездестіреді. Балалары да тамылжыған тыныш өмірге дағдылана бастайды. Бірақ бұрынғы күйеуі ойламаған жерден өмірлерінде қайта пайда болып, келіншектің арман-мақсатын бір күнде шатынатып жібереді. Ер адам өзгергенін айтып, кешірім сұрай бастайды. Ең сорақысы, бәрі оған сеніп қалады. Тіпті балалары да. Тек келіншектің жүрегінде ғана күдік сейілмей қояды. Ер адамның көздегені не? Әлде шынымен де өзгерген бе? «Сенен қорықпаймын» телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.