Шытынаған шыны арман_bg
badge
logo
90-жылдары Америка еліне біржола көшуді мақсат еткен жас қыздың жан талпынысы мен әрекеттерін бейнелейтін драма аралас комедия
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Шытынаған шыны арман – онлайн көру

Сипаттамасы

90-жылдары қилы заман орнап, жұрттың көпшілігі жұпыны үйлерде мекендеп, тәубемен күнелтіп үйренген болатын. Веля есімді бойжеткен де анасы екеуі қарапайым пәтерде тұрады. Кешқұрым түнгі клубта диджей болып нәпақасын тауып жүрген қыз АҚШ еліне көшуді армандайды. Визаға қол жеткізу үшін бойжеткен жұмыс орнынан алынатын анықтаманы қолдан жасап, белгісіз кездейсоқ телефон нөмірін жазады. Жұмыс орны ретінде қаңырап бос тұрған шыны зауытын белгілейді. Нөмірді елшілік тексеріп қала ма деп үрейленген қыз сол нөмірдің иесі мекендейтін алыс ауылға аттанады. Алайда ауыл тұрғындары қызды жылы қабақпен қарсы алмайды. Телефон нөмірі ұлын үйлендіргелі жатқан отбасына тиесілі болып шығады. Нағыз қызықтың көкесі енді басталады. «Шытынаған шыны арман» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 27 мин
Түпнұсқа атауы
Хрусталь
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады