Сюжет
Бақыт Шри-Ланкада бастығымен сөзге келіп қалып, үйге қайтуға бел буады. Бірақ оның ақшасы жоқ. Әуежайда ол қазақ жігітін кездестіреді. Ол волейболдан жарысқа келген қыздар командасының жаңа бапкері екен. Жағдайды түсіндірген соң, ол Бақытқа көмектесуге келіседі. Алайда оларды көлік қағып, екеуі ауруханаға түседі. Онда есін жиған Бақытты қыздар жаңа бапкер деп ойлап қалып, жарысқа алып кетеді. Ол командадағы Айгерім есімді қызға ғашық болып, шатасқанын айтпай, сырын бүгіп қалады. Бірақ бұл өтірігі оны алысқа апармайды. «Солай болып қалды» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер...