2015
1 маусым
12+
Аяушылықты білмейтін қатігез жігіт жүрек трансплантациясынан кейін адам танымастай өзгеріп шыға келеді
Сун Чжонға ғашық болу – 1 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
Кан Мин Хо есімді азамат туған нағашысына кектеніп, оның компаниясын құрдымға кетіруге әрекеттенеді. Ол өз мүддесі үшін ешкімді аямайтын безбүйректің нақ өзі. Жанындағы адамдарды әбден титықтатып мезі қылған. Бірақ ол жан жарасын жасыру үшін осындай кейіпке енген. Бала кезінде әкесі қайтыс болады. Ауыр қайғыны көтере алмаған анасы өзіне қол жұмсайды. Ал туған нағашысы әкесінің бар байлығын қолды етеді. Осылайша баланың жүрегі кекке толады. Есейген шағында әкесінің кегін алуды ниет еткен жігіттің жоспары бір күнде күл-талқан болады. Жүрек дерті дендеп, ақыры трансплантация жасалады. Отадан кейін жігіт қатты өзгереді. «Сун Чжонға ғашық болу» дорамасын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Елдер
Жасыру