Super курьер_bg
logo
Премьера
Қарапайым курьер сот төрешісінің қызын қорғау үшін қандықол қылмыскерге қарсы тұруға мәжбүр болады. Отандық криминалды комедия
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Super курьер: сипаты, сюжеті және қаһармандар

Сипаттамасы

Курьер болып нәпақасын тауып жүрген Тимур есімді жігіт тағдыры бір сәтте өзгереді деп әсте ойламаған еді. Оның бойында ерекше асыл қасиет бар. Тимур қиын жағдайға түскен кез келген адамға көмек қолын созуға даяр. Тіпті бұл көмегі өзіне зардабын тигізсе де, өзін құрбан етуге дайын. Бір күні ол судья әйелді бір топ қарақшылардан құтқарып, жанын арашалап қалады. Жігіттің көзсіз ерлігіне тәнті болған әйел оған жалақысы жоғары жұмыс ұсынады. Осылайша Тимур судья әйелдің Сабина есімді қызының жүргізушісі болып жалданады. Бірақ көп ұзамай бойжеткеннің жеке оққағарына айналады. Себебі беделді бай отбасының жаулары жан-жақтан қауіп төндіре бастайды. Ақыры арам істері жүзеге асып, Сабинаны ұрлап кетеді. Тимур қызды құтқару үшін қандықол қылмыскерлердің ізіне түсуге мәжбүр болады. Кезінде күреске қатысқан шымыр жігіт бойындағы қасиетін пайдаланып, қас қағым сәтте қаһарманға айналады. «Super курьер» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 36 мин
Түпнұсқа атауы
Super курьер
Жасыруarrow