Хикая Тартыс алаңы – онлайн көру
Сипаттамасы
Дәл Премьер-Лига қарсаңында шағын қалашықтағы футбол командасы бас бапкерсіз қалады. Амалы таусылған клуб басшысы демеушілерге ескертпестен әйел адамды бапкер етіп тағайындайды. Оның бұл әрекетінің ұтымды себебі бар еді. Өйткені Елена Волкова есімді келіншек өзінің қыздар командасын чемпиондар Лигасына шығарған кәсіби маман. Алайда футболды тек ерлер әлеміне балайтын азаматтар мен спортшылар Еленаны жақтырмай қояды. Келіншек түрлі кедергілерге ұшырай бастайды Ал бас демеуші оны лауазымынан мүлдем ысырып, орнына ер адамды тағайындағысы келеді. Бапкер әйелдің жалғыз жанашыры тек клуб директоры ғана. Еленаның қолынан кедергілерді еңсеріп, қатып қалған қағидаларды бұзу келер ме екен? «Тартыс алаңы» спортты-драмалық телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.