2004
2 сағ 4 мин
18+
Өз еліндегі төңкерістің кесірінен төлқұжаты жарамсыз болып қалған азамат әуежайдан шыға алмайды. Том Хэнкс ойнаған драма
Фильм Терминал – онлайн көру
Сипаттамасы
Виктор Наворски Нью-Йорктағы Джон Кеннеди әуежайына ұшып келеді. Ол ұшақта болғанда туған елі Кракожияда мемлекеттік төңкеріс болып, соғыс басталып кетеді. Осыған байланысты бұл елдің азаматтарының төлқұжаттары жарамсыз деп танылады. Енді Виктор шекарадан өте алмайды, АҚШ оған кіруге рұқсат бермейді. Сонымен қатар, өз еліне қайту да мүмкін емес, себебі Кракожия енді ресми түрде мемлекет емес. Виктор әуежай терминалында заңды түрде бейтарап аймақта қалып қояды. Басында әуежай ережелеріне үйренісе алмағанымен, уақыт өте келе жаңа өмір салтын қалыптастырады. Дегенмен оның терминалда тұрып жатқанына наразы болған шекара қызметінің бастығы Виктордан құтылғысы келеді. «Терминал» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жасыру