Фильм Тойдағы топалаң – онлайн көру
Сипаттамасы
Макс есімді ер адам қалаған тойды ерекше етіп өткізіп бере алатын өз ісінің шебері. Түрлі қиындықтардан оңай құтыла білетін қасиеті де бар. Бір күні ауқатты бай адамнан ерекше тапсырыс түседі. Ол өз тойын 17 ғасырда тұрғызылған көне сарайда өткізуді қалайтынын айтады. Келісе кеткен Макс күтпеген оқыс оқиғалармен кездесетінін аңғармаған еді. Дәл той болатын күні даяшылар қырсығып, музыканттар шатасып, көмекшісі дөрекілік таныта бастайды. Қас қылғандай кездесіп жүрген сүйіктісі басқа жігітке көз сүзіп, зығырданын қайнатады. Көрермен күлкі мен қызыққа толы оқиғалардың куәсіне айналады. «Тойдағы дүрбелең» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.