Фильм Ұлболсын – онлайн көру
Сипаттамасы
Ұлболсын есімді келіншек бар тапқан ақшасын шалғай ауылдағы мектепті тәмамдағалы отырған сіңілісіне жұмсап, шет елде білім алуын қалайды. Осы ниетпен ол Қаратас ауылына жол тартады. Бірақ ауылға келген сәтте Ажар есімді сіңілісін Үрген есімді бақсы алып қашқанын біледі. Ауылда бедел мен құрметке ие бақсы өрімдей жас қызды тоқал еткісі келеді. Ең сорақысы қыздың ата-анасы мен ет жақындары бұл сұм әрекетін қолдайды. Алайда келіншек сіңілісін азғын Үргеннің тырнағынан құтқаруды көздеп, әйел құқығын таптайтын ескі дәстүрге қарсы шығады. Қайсар келіншек тіпті ерлердің қолынан келмеген қадамға барады. «Ұлболсын» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.